Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 
Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Еске салайық, 8 маусымда президенттің жарлығымен Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметінен босатылған еді. Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та оның ұсталғаны туралы түрлі ақпараттар тарай бастады. Кейбір басылымдарда бұл жағдайдың сыбайлас жемқорлық не қаржылық қылмыстармен байланысты болуы мүмкін екені айтылған. Кейіннен Жақсылықов бұл ақпаратты жоққа шығарған. Айта кетейік, Жақсылықовтың орнына қорғаныс министрі болып Дәурен Қосанов тағайындалды.
30 маусым 2025 ж. 849 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031