БАЙҚОҢЫРДЫҢ ТОЙЫ - ЕЛДІҢ ҚУАНЫШЫ

Салтанатты шараға Қазақстан мен Ресей тарапынан жоғары лауазымды қонақтар, ғарыш саласының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Атап айтқанда, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, Байқоңырдың тарихына, болашағына және маңыздылығына ерекше тоқталды.
Мерекелік шеру Байқоңыр кешеніндегі 14 ұйым мен мекеме ұжымының сап түзеп өтуімен басталды. Екі елдің Мемлекеттік Гимндері шырқалып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің бейнеқұттықтауы экраннан көрсетілді.
Ғарыш саласында жылдар бойы ерен еңбек еткен азаматтарға Мемлекеттік марапаттар табысталып, ал қала дамуына сүбелі үлес қосқан 16 тұрғынға «Байқоңыр қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Кештің тағы бір әсерлі сәті - Халықаралық ғарыш станциясынан тікелей бейнеқұттықтау. 73-экспедиция құрамындағы ғарышкерлер Сергей Рыжиков, Александр Зубрицкий және Константин Песков жұлдызды қаланың мерейтойымен жерлестерін арнайы құттықтап, өз лебіздерін жеткізді.
Мереке отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерт пен аспанды нұрға бөлеген отшашумен қорытындыланды.