Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Полиция қызметкері «Елорда кубогінің» жеңімпазы атанды

Полиция қызметкері «Елорда кубогінің» жеңімпазы атанды

Полиция қызметкері «Елорда кубогінің» жеңімпазы атандыҰлытау облысы Полиция департаментінің қызметкері, полиция майоры Думан Бекмағанбетов Астана қаласында өткен «Елорда кубогі» турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz. Грепплингтен кәсіби спортшылар арасында ұйымдастырылған  жарыста Думан Бекмағанбетов 84 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қарсыластарын жеңіп, алтын медаль иеленді. Думан Бекмағанбетов көп жылдан бері спортпен үнемі айналысып келеді.  Грепплингте бірнеше мәрте республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған.
«Бұл жеңіс мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік жүктейді. Мені қолдаған отбасыма, әріптестеріме және жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Алдағы уақытта да Қазақстанның намысын халықаралық деңгейде қорғап, абырой биігінен көрінемін деген сенімдемін», дейді полиция қызметкері.
19 мамыр 2025 ж. 429 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (9418)

09 шілде 2026 ж.

№50 (9417).

04 шілде 2026 ж.

№49 (9416)

30 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031