Астанада дәрігерлер 11 жастағы баланың ішінен тіс шұқығыш алып шықты

Өңештен өткен тіс шұқығыш ішек жолының ортасына келгенде тіреліп қалған. Ал ішекке біте қабысып кеткеніне қарағанда, бала оны бірнеше жыл бұрын жұтып қойған болуы мүмкін. Қазір баланың жағдайы жақсы.
- УЗИ, КТ зерттеуінде ісік тәрізді бөгде дене бар деген күмәнмен жедел операцияға алынды. Диагностика лапароскопия кезінде ісік ашылғанда ұзақ уақыт болған бөгде дененің тіс шұқығыш екені анықталды, – дейді Астана қалалық №2 көпбейінді аурухананың хирургі Әсем Шәкеева.