Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 239 шақырым өзен арнасы тазартылды

239 шақырым өзен арнасы тазартылды

239 шақырым өзен арнасы тазартылдыТасқынға дайындық барысында 239 шақырым өзен арнасын тазарту, кеңейту, түбін тереңдету жұмыстары жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.  Өзендерден: Ертіс (27,4), Қиғаш (73,7), Нұра (1,1), Жайық (51,5), Жем (85,5) шақырымдары тазартылған. Бұдан бөлек, Қазсушар кәсіпорны бірқатар өңірде 1147 шақырым каналдарды механикалық тазартудан өткізіп, 230 су құрылысын жөндеген.
Министрліктің мәліметінше былтыр 36 жылдан кейін алғаш рет Ақтөбе су қоймасына кешенді реконструкция жасалды. Ал, Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы 58 жылда бірінші рет жөнделді. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 10 облыста жаңадан коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларды пайдалануға жауапты мамандандырылған ұйымдар құрылды. Олардың балансына 809 нысан қабылданды. 931 маман жұмысқа алынып, 203 арнайы техника берілді», деді сала министрі Нұржан Нұржігітов.
14 наурыз 2025 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031