Елімізде тағы бір ақылы жол пайда болады

Республикалық маңызы бар ІІ санаттағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Ақтөбе – Мәртөк – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға дейін) учаскесі ақылы жолға айналды.
Ақылы жолдың ұзындығы 82 шақырым 692 метр, жолақ ені 3,75 метрден кем емес.
Жол жүру құны келесідей болмақ:
16 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін алдын ала төлем 515 теңге, кейінгі төлем 600 теңге;
32 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін алдын ала төлем 1 220 теңге, кейінгі төлем 1 038 теңге;
32-ден астам орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейінгі автопоезд үшін алдын ала төлем 1820 теңге, кейінгі төлем 1544 теңге;
Жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін алдын ала төлем 2 440 теңге, кейінгі төлем 2 078 теңге;
Жүк көтерімділігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері үшін алдын ала төлем 3 040 теңге және кейінгі төлем 2 583 теңгені құрайды.
Айта кетейік, жеңіл көліктер үшін жол құны тегін болады.