Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 наурыздан бастап екі қала арасында пойыз жүре бастайды

1 наурыздан бастап екі қала арасында пойыз жүре бастайды

1 наурыздан бастап екі қала арасында пойыз жүре бастайдыБалқаш – Алматы бағытындағы жаңа пойыз екі қала арасындағы тікелей теміржол қатынасын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.Бұған дейін жолаушылар Сарышаған стансасында ауысып мінуге мәжбүр болатын.
Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, аталған маршрут Балқаш – Мойынты учаскесінде екінші жол салынғаннан кейін іске қосылған, бұл желінің өткізу қабілетін арттырды.
Пойыздың қозғалыс кестесі:
Балқаш - Алматы – жұп күндері сағат 07:52-де жолға шығып, Алматы-2 стансасына 00:58-де келеді.
Алматы - Балқаш – тақ күндері сағат 00:10-да жолға шығып, Балқашқа 15:03-те келеді.
Сондай-ақ, жол жүру уақыты 17 сағат болатыны нақтыланған.
10 ақпан 2025 ж. 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

№54 (9421)

21 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031