ТАҒАЙЫНДАУ

Аудан әкімі жаңа басшыға қызметіне сәттілік тілеп, алдағы уақытта білім саласында ауқымды өзгерістер енгізу үшін қажетті жауапкершілікті арттыруға бағытталған бірқатар маңызды міндет жүктеді. «Сіз осы салада көптеген жетістікке қол жеткіздіңіз. Әрдайым білім мен тәрбие ісінде жоғары нәтижелерге ұмтылып, ұрпақтың болашағына қызмет етуді жалғастырасыз деген сенімдеміз» деп атап өтті Айтбай Жандарбеков. Насибеков Дәуренбек Ердібекұлы – 1977 жылы 17 желтоқсанда Шиелі ауданының Қоғалы ауылдық округінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1998 жылы Қоғалы ауылдық округіндегі №228 орта мектепте мұғалім ретінде бастап, кейіннен 2006-2013 жылдар аралығында мектеп директорының орынбасары болды. 2013- 2018 жылдары Қоғалы ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып, 2018-2019 жылдары Шиелі аудандық білім бөлімінде басшының орынбасары болып қызмет етті. 2019-2020 жылдары Шиелі аудан әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеген ол, 2020 жылдан бері білім саласында табысты қызмет етіп келеді. Қызметінің әр кезеңінде жинақтаған тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі алдағы уақытта білім саласының дамуына үлкен серпін беретіні сөзсіз.
«Өскен өңір» ақпарат