Полиция 102 нөміріне қоңырау шалу тәртібін түсіндірді
![Полиция 102 нөміріне қоңырау шалу тәртібін түсіндірді](https://egemen.kz/media/2025/01/26/dcac5a7f288b2d95.jpeg)
Талдау көрсеткендей, қоңыраулардың 25 % ақпараттық-анықтамалық мақсатта екен.
- Төтенше жағдайлар қызметтеріне қоңырау шалу аса қажеттілікпен негізделуі керек екенін түсіну маңызды. «102» нөміріне қоңырау шалған кезде қажетті ақпаратты анық және дұрыс беріп, не болғанын түсіндіру керек. Осы кеңестерді орындау біреудің өмірін сақтап қалуға және жедел қызметті қате шақырмауға көмектеседі, - деді қалалық ПД Жедел басқару орталығының басшысы Зухраб Мырзағали.
Сондай-ақ орталық басшысы қоңырауларды қабылдау үшін Жедел басқару орталығы пайдаланатын жабдық автоматты режимде жұмыс істейтінін айтты.
Әрбір қоңырау кезек тәртібімен қабылданады. Көптеген қала тұрғындары жауап алу үшін бірнеше секунд күткеннен кейін телефонды қоя салады. Олар «102» нөміріне қайта қоңырау шалса, өздерінің қоңырауына бірден жауап береді деп қателеседі. Бірақ бұл жерде бағдарламаның автоматты екенін ескеру маңызды, адам факторы жоқ. Сіз қоңырауды үзіп, «102» нөмірін қайта тергенде, бағдарлама сізді кезектің соңына қарай бағыттайды. Сондықтан қоңырауды тастай салмай, оператордың жауабын күтуді ұсынамыз, - деді Зухраб Мырзағали.