AQR сектор тұрақтылығын растады

«Тұрақты AQR нәтижелері сектордың жүйелік деңгейдегі тұрақтылығын растады. 11 банк бойынша капиталдың жеткіліктілік деңгейі 16,3%-ды құрады, бұл белгіленген нормативтік ең төменгі 5,5%-дық деңгейден едәуір жоғары. Банктер мен AQR арасындағы резервтерді бағалаудағы айырмашылық 415,1 млрд теңгені құрады. 2-сатыдағы берешектер 492,7 млрд теңгеге, 1,5%-дан 3,3%-ға дейін ұлғайды, ал 3-сатыдағы берешектер 327,8 млрд теңгеге, 8,6%-дан 9,8%-ға дейін ұлғайды», деп мәлімдеді агенттік.
«Осылайша, 2023 жылғы тұрақты AQR-мен салыстырғанда бағалау нәтижелері жақсарған. Банктердің несие портфелінің өсуіне қарамастан, резервтер бойынша түзетулер 36,1 млрд теңгеге азайды. Тұтастай алғанда, портфельдің жалпы өсімімен, жекелеген портфельдер бойынша қарыз алушылардың қаржылық жағдайының жақсаруымен, сондай-ақ проблемалық қарыз алушылар бойынша провизияларды есептен шығару, өтеу және қалыптастыру жөніндегі банктердің жұмысына байланысты кредиттік портфельдің сапасының артуы байқалды», делінген мәлімдемеде.