Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тегін дәрі-дәрмек беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі

Тегін дәрі-дәрмек беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі

Абай облысында денсаулық сақтау саласына жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында (2024 ж.) Бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС медициналық препараттарды уақытылы жеткізбеу фактілері анықталды.
Бұл тәжірибе тегін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне және пациенттердің оларды өз қаражатына сатып алуына алып келді.

Медициналық мекемелерде нақты жағдайды жасыру үшін «жалған рецептер» жазылған. Құжаттарға сәйкес пациенттер дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген.

Талдау қорытындысы бойынша Абай облысының барлық емханаларында EGOV Mobile қосымшасының «Әлеуметтік әмин» бөлімінде QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жүйесі енгізілді.

Қазіргі уақытта бұл дәрі-дәрмектерді алудың балама әдісі, алайда ол қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетуде.

QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жөніндегі жоба іске қосылды және барлық республика бойынша масштабталды.

2024 жылы пациенттер санының 14%-ға өсуіне қарамастан (2023 ж. – 77,6 мың, 2024 ж. – 88,8 мың), Абай облысында жазылған рецепттер санының 24,8 мыңға төмендеуі байқалады (2023 ж. – 707,6 мың рецепт, 2024 ж. - 682,4 мың рецепт).

Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жалған рецепттерді шығару, дәрі-дәрмектерді жымқыру қаупін едәуір азайтып, бюджет қаражатын үнемдейді.

Фото: istockphoto.com

10 қаңтар 2025 ж. 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30