Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрдіШығыс Қазақстан облысындағы тасжолда қар көшкіні жүрді. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көшкін бүгін Алтай ауданында жүрген.
Республикалық маңызы бар «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Қатонқарағай — Рахман қайнарлары» тасжолының 62-ші шақырымда өздігінен қар көшкіні жүрді. Бұл жол учаскесі қауіпсіздік мақсатында алдын ала жабылған. Түскен қардың жалпы көлемі — 1300 текше метр, — делінген ақпаратта.
Көшкіннің жүруіне қардың қалың жауып, желдің күшеюі себер болып отыр. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.
Қар жолды толықтай жауып қалды. «КАЖсервис» ЖШС-ның 4 техникасы жолды тазартуға жұмылдырылды, — делінген хабарламада. Құтқарушылар қар көшкіні қаупі әлі де сақталғандықтан өңір жұртшылығына таулы жерлерге барудың қауіпті екендігін ескертті.
03 қаңтар 2025 ж. 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

№45 (9312)

21 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031