Ақтаудағы ұшақ апаты: ИКАО-ның арнайы тергеушісі Қазақстанға келді
Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Бас хатшысының тапсырмасына сәйкес, бүгін, жексенбі күні Ақтау қаласына арнайы бақылаушы – авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Тормодур Тормодсон ұшып келді, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«ИКАО Қазақстанның авиациялық билік өкілдерінің тергеп-тексеру барысындағы ашықтығы мен мүдделі мемлекеттермен өзара әрекетін жоғары бағалады. Бүгінгі таңда 17 халықаралық сарапшының барлығы Ақтау қаласында», деп жазылған ведомствоның ақпаратында.