Жаңа жыл қарсаңында бірқатар әлеуметтік нысандар жұмысын бастады

Қазан айында Қызылорда қаласының сол жағалауынан заманауи үлгідегі 350 орындық «Оқушылар сарайы» «ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен 2 млрд 380 млн теңгеге салынып, ел игілігіне берілді. Тәуелсіздік мерекесінде Жаңақорған кентінен 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебінің» жаңа ғимараты жұмысын бастады. Биыл Шиелі, Жаңақорған, Қармақшы аудандарындағы 4 мектепке қосымша құрылыстар салынды.
Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1 млрд теңге қаржы бөлінді.56 пәндік кабинет (9 химия, 9 физика, 10 биология, 28 Стем) алуға 496 млн теңге бөлініп, жабдықтар толық жеткізілді. Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 64 білім беру ұйымының бейнебақылау жүйесі 456,2 млн теңгеге талапқа сәйкестендірілді. Бүгін міне, облыстық бюджеттің қаржыландыруымен, құны 842,7 млн теңге болатын Сәкен Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейдің 300 орындық қосымша оқу ғимаратының ашылу салтанатына жиналдық. Мектептің апатты жағдайдағы спорт залы мен шеберханасын бұзып, оқушылардың қолайлы ортада білім алуын және санитариялық нормалар толық сақталған асханада тамақтануын қамтамасыз еттік.
Бұның барлығы біздің жас ұрпақтың игілігі үшін жасалуда. Оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына барынша жағдай жасау біздің басты мақсатымыз болып қала бермек. 60 жылдық тарихы бар, іргелі оқу ордасынан еліміздің, аймағымыздың дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлғалар, елжанды азаматтар білім алып, түлеп ұшқан. Осы білім ордасында білім алатын бүгінгі өскелең ұрпақ ардақты азаматтарымыздың есімдерін мақтан етіп, ізін жалғайтынына сенімдімін», – деді Ш.Байманов.
Білім ғимаратының ашылу салтанатында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев мектеп ұжымына тілегін білдіріп, батасын берді. Еске салайық, биыл білім саласына бөлінген қаржы 264 млрд теңгені құрап, былтырғымен салыстырғанда 9,3 пайызға артты.
«Білімді қолдау қорының» қаржысына Қызылорда қаласында физика-математика мектеп-интернаты, 10 млрд 900 млн теңгеге «Инновациялық- шығармашылық орталығы», «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен құны 4 млрд 800 млн теңге болатын музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда. Бұл 3 нысан алдағы жылы пайдалануға беріледі. Қазан айында ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған 900 орындық білім беру ордасы табысталды. Бұл – еліміздегі ұлттық жоба шеңберінде пайдалануға берілген мектептердің алғашқыларының бірі. Бүгінде жалпы 6000 орынға лайықталған 9 мектеп салынуда. Өткен жылы облыс орталығындағы 4 мектептің орын тапшылығы мәселесі 1850 орынға арналған қосымша ғимараттар салу арқылы шешілген болатын.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі