Қостанайда мұздан сырғанау кезінде екі қыз есінен танып қалды
Қостанайда мұздан сырғанау кезінде екі қыз есінен танып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қостанай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының Instagram парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, мұздан сырғанау кезінде алты бала түрлі дәрежедегі жарақат алған.
«Қала орталығындағы сырғанақта ойнап жүрген 6 балаға жедел жәрдем қажет болды. Олардың 5-і ауруханаға жатқызылды, біреуі үйге жеткізілді. Бригадалар келген кезде екі қыз ес-түссіз болды», - делінген хабарламада.
Медициналық мекеме ересектерді мұз сырғанақтан сырғанау кезінде кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмауға шақырды.
«Құрметті ата - аналар, есіңізде болсын, мұз сырғанақтары тек көңілді және қуанышты ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда қауіптілігі жоғары объект болып табылады... Сіз ата-анасыз, балаңыздың өмірі мен денсаулығына ең алдымен сіз жауаптысыз!»,- делінген хабарламада.