Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мамандары өңір тұрғындарын қыс мезгілінде ауа райы өзгерістерін бақылап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Жаңа жыл қарсаңында облыс аумағында қар аралас жаңбыр күтілуде. Салдарынан көктайғақ болып, екпінді жел соғады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Метеоболжау бөлімінің бастығы Айгерім Жөкелова мәлімдеді.
– Қызылорда облысында дәл қазір жауын-шашынды ауа райы байқалуда. Бұл Қазақстан аумағында солтүстік-батыстан енген циклон әсерінен қалыптасты. Жауын-шашынды ауа райы 20 желтоқсанға дейін сақталады. Түнгі ауа температурасы -3,+2 шамасында, күндізгі ауа температурасы 0-ден жоғары. Облыс бойынша жаңбыр аралас қар күтілуде. Сонымен қатар облыс аумағында көктайғақ болуы мүмкін. 19 желтоқсаннан 20 желтоқсанға қараған түні өңір бойынша қар жауады. Ауа температурасы 20 желтоқсаннан бастап төмендейді. 20-27 желтоқсан аралығында жауын-шашынсыз ауа райы орнайды. Яғни түнде -5-15 градус аяз, күндізгі ауа температурасы -2-7 градус суық. Ал желтоқсан айының соңында қар аралас жаңбыр жауады. 28-31 желтоқсан аралығында көктайғақ болып, желдің екпінді күші 23-28 м/с күтіледі, – деді Айгерім Болатбекқызы.
Жалпы биыл қыс мезгілінде қаңтар-ақпан айларында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары, жауын-шашын мөлшер шамасынан түседі деп күтілуде. Сондай-ақ мамандар «112» қызметінен келетін хабарламаға назар аударып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
19 желтоқсан 2024 ж. 90 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9264).

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (9262)

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031