Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаңтар айында ауа райы қандай болады?

Қаңтар айында ауа райы қандай болады?

Қылышын сүйретіп келген қыс мезгілінің алғашқы он күндігін де өткергелі тұрмыз. Жыл сайын қаңтардың қытымыр аязы беттен алып, балтырыңды сыздатады. Биыл қыс мезгілі өткен жылдарға қарағанда әлде қайда көпшілікке жайлы болып тұр. Осы тұста, «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының ұсынған болжамына сәйкес алдағы күндері облыс аумағында жауын-шашынды ауа райы сақталады делінген.

Ал дүйсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында аймақтағы филиалдың бөлім басшысы Айгерім Жөкелова биылғы қыс мезгілі қандай болатыны жайлы журналистерге брифинг өткізді.

Оның айтуынша, ауа температурасы түнде -3+2°С -10-15°С аязға, облыстың солтүстігінде -20°С аязға, күндіз +3+8°С, облыстың солтүстігінде 0 градустан 3-8, облыстың солтүстігінде 11°С аязға дейін төмендеуі күтіледі. Екінші онкүндіктің аяғында ауа температурасы аздап жоғарылайды. Үшінші онкүндігінде ауа температурасы ақырындап жоғарылайды, деп болжанады. Жауын-шашынның айлық мөлшері мөлшер шамасында күтіледі. Бірінші онкүндіктің аяғында, екінші онкүндіктің басында және аяғында, үшінші окүндіктің басында жаңбыр, жылбысқы қар түседі деп болжануда. Сондай-ақ, көктайғақ болуы ықтимал, – деді.

«Өскен өңір» ақпарат
10 қаңтар 2024 ж. 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930