Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл су саласының 500-ден астам маманы біліктілігін арттырған

Биыл су саласының 500-ден астам маманы біліктілігін арттырған

Биыл су саласының 500-ден астам маманы біліктілігін арттырғанСу ресурстары және ирригация министрлігінің мәлім етуінше, биыл су саласының 500-ден астам қызметкері мамандандырылған орталықтарда біліктілік арттыру курстарынан өтті. Бұл бастапқы жоспардан 12%-ға артық, деп хабарлайды Egemen.kz
«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, оған су саласы мамандықтары қосылып, Қазақстан студенттері шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Су шаруашылығы саласына жас мамандарды тарту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру – министрлік жұмысының басым бағыттарының бірі.
«Биыл 9 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, нәтижесінде, 80 студент «Қазсушар» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтті. Бұдан бөлек, шетелдік әріптес университеттермен қос дипломдық және бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту жөнінде іс-шаралар ұйымдастырылды», деді ҚР СРИМ Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Мүслім Жиенбаев.

17 желтоқсан 2024 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (9262)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031