Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалған аккаунттар ашқан: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ескерту жасады

Жалған аккаунттар ашқан: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ескерту жасады

Жалған аккаунттар ашқан: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ескерту жасадыҚазақстанда алаяқтар енді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығынан келген хабарламалар ретінде жалған хабарламалар таратып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
«Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде жалған аккаунттар ашып, агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың атынан хабарламалар таратқан алаяқтар туралы ескертеді», делінген ведомствоның хабарламасында.
Белгісіз тұлғалар қандай да бір мәліметтерді алу арқылы алаяқтық әрекеттер жасауға тырысып жатқаны түсіндіріледі. Агенттік қазақстандықтарды жалған хабарламаларға сенбеуге, жауап бермеуге және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады. Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертілді. Құзырлы органдардың айтуынша, алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттар мен хабарламалар жіберіп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, түрлі алаяқтар WhatsApp, Telegram желілерінде әрекет етеді.
09 желтоқсан 2024 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

№45 (9312)

21 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031