Алматыда XVII «Еуразия» кинофестивалі өтеді

«Еуразия» кинофестивалі жыл сайынғы дәстүр бойынша әлемдік және отандық киноның өзекті трендтерін көрсететін жарқын әрі маңызды туындыларды жинайды.
Бүгінде «Еуразия» кинофестивалі Орталық Азия өңіріндегі ең маңызды мәдени іс-шаралардың біріне айналған. 1998 жылы фестиваль құрылған сәттен бастап отандық кинематографистердің тұтас буыны қалыптасқан. Оларды «Еуразия ұрпағы» деп атауға болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл кинофестиваль аясында Халықаралық байқау өтеді, оған Еуропа мен Азия елдерінің толықметражды фильмдері, сондай-ақ Орталық Азия мен Түркі әлемі елдерінің фильмдері ұсынылады.
Кинофестивальдің салтанатты ашылу рәсімі 24 қарашада Almaty Theatre-де өтеді.