Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Венецияда қазақстандық фильмдер көрсетілді

Венецияда қазақстандық фильмдер көрсетілді


АСТАНА. ҚазАқпарат - Венецияның Лидо аралында 75-ші мерейтойлық Венеция кинофестивалінде отандық жаңа кинотуындылар трейлерінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Еуразия» Халықаралық кинофестивалі дирекциясына сілтеме жасап.
Іс-шара  «Еуразия» Халықаралық кинофестивалі дирекциясын ың ұйымдастыруымен Exselcior отелінде Италия павильонында  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстанның Италиядағы елшілігінің қолдауымен ұйымдырылды. Мәдени іс-шараны «Еуразия» кинофестивалінің президенті Айман Мұсақожаева ашты. «Біздің фестиваль отандық киноны танытуға басымдық береді. Бүгін Қазақстан алғаш рет отандық кинематографты Венеция кинофестивалі аясында таныстырып отыр. Италиялық ANICA компаниясының халықаралық департаментінің басшысы Роберто Стабиле бізге павильон ұсынып, шарамызды өткізе алдық. Бұл шара біздің киномыз бен мәдениетіміздің дамуына әсер ететіндіктен, қазақ кинематографистері мен мәдениет қайраткерлері үшін өте маңызды оқиға болып отыр. Отандық фильмдерімізді, оның ішінде Байғазиннің фильмінің де трейлерін көрсетіп, таныстырдық»,- деді «Еуразия» кинофестивалінің президенті Айман Мұсақожаева.   «Қазақстанды аш: аудиовизуалды дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктер» атты іс-шараға италиялық ANICA компаниясының халықаралық департаментінің басшысы Роберто Стабиле,Италияның Қазақстандағы Сауда палатасының хатшы-кеңесшісі Савина Корсари, Rai телекомпаниясының өкілі Карло Жантиле мен Италия мәдениет министрлігінің өкілі қатысты. Отандық киногерлер Самал Еслямова, Болат Қалымбетов, Тоқтар Қарсақбаев, Талғат Теменов, Санжар Мәдиев, Шыңғыс Капин және Еуразия жобалар нарығында екінші орынды жеңіп алған жас режиссер Асхат Кучинчиреков те іс-шараға қатысты.  Шарада «Өзен» (реж. Э.Байғазин), «Әруақ» (реж.Х.Ахметов), «Әміре» (реж. Д.Веспа), «Талан» (реж. Б.Қалымбетов), «Ол» (реж. А.Сатаев), «Алмас қылыш» (реж. Р.Әбдрашев), «Анаға апарар жол» (реж. А.Сатаев), «Оралман» (реж. С.Құрманбеков), «Біздің қаланың кішкентай ханзадасы» (реж. Т.Теменов), «Шыңырау» (реж. Ж.Жетіруов), «Жат» (реж. Е.Тұрсынов). Бұдан бөлек «Күлтегін»  (реж. А.АӘбілдинов), «Jumper» (реж. Арман Бейсембаев) және «Мұзбалақ» (реж. Т.Майдан, Т.Төлеуғазы) сынды анимациялық фильмдердің трейлерлері шетелдік sale агенттерге ұсынылды.   Сондай-ақ, шара барысында ҚР Мәдениет және спорт министрілігі құрылтайшысы болып табылатын «Еуразия» кинофестивалі таныстырылады. «Биыл біз алғаш рет «Venice production bridge» бағдарламасында Астанада өткен фестиваліміздің қонағы болған  ANICA компаниясының өкілі, біздің серіктесіміз Роберто Стабиленің арқасында қатысып отырмыз. Отандық кино университеттерін, «Қазақфильм» киностудиясын, жеке меншік студияларды таныстырдық және отандық кинематографистер шетелдік инфесторларға  ұсына алатын барлық қызмет түрлерін айттық. Сонымен қатар, біз шетелдік кинематографистермен біздің режиссерлерді, актерлерді таныстырып, байланыс орнаттық»,- деді «Еуразия» кинофестивалінің Арт-директоры  Диана Әшімова. Өз кезегінде Rai компаниясының өкілі Карло Жантиле қазақстандық картиналарды телеарналар арқылы көрсету мақсатында сатып алуға дайын екенін білдірді.            
inform.kz
03 қыркүйек 2018 ж. 834 0