Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Цифрлық Жібек жолы көрмесі өтіп жатыр

Цифрлық Жібек жолы көрмесі өтіп жатыр

Цифрлық Жібек жолы көрмесі өтіп жатыр50-ден астам отандық компания өз өнімдерін Шанхайдағы VII Қытай халықаралық импорт көрмесінде ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz. Олардың ішінде жеңіл өнеркәсіп өнімдері, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің тауарлары бар. Сондай-ақ келушілердің назарына жаңа технологиялық әзірлемелер ұсынылды. Мәселен, Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев аталған көрме отандық өнім өндірушілер қытайлық серіктестермен ынтымақтастықты нығайта алатын бірегей алаң саналатынын атап өтті. Оған жыл сайын 300 мыңға жуық сатып алушы келеді.
«Биыл біз тауарларымызды «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдері»  павильонында ғана таныстырған жоқпыз, 2 есеге ұлғайтып, 50-ден астам отандық компанияларды әкелдік. Ассортименттің құрамына май өнімдері, сусындар, бал, тоқыма, ет өнімдері кіреді. Мұндағы басты жаңалық - біз алғаш рет коммерциялық павильоннан бірден онлайн сатуды қамтамасыз етеміз. Ұлттық павильон цифрландыру тақырыбына бағытталған. Іс жүзінде біз Цифрлық Жібек жолын көрсетеміз, технологиялық жетістіктерімізді ұсынамыз», деп атап өтті ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
06 қараша 2024 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930