ШИЕЛІДЕ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Мұнан соң, салтанатты жиынға келген қонақтар мен сала мамандары орталықтың жұмысымен танысып, арнайылап ашылған тыныштық бөлмесі, жастар денсаулық кабинеті, денсаулық мектебі сынды онға тарта арнайы бөлмелер мен ондағы мамандардың жұмысымен танысты. Айта кетейік, үздік тәжірибелік орталық жобасы өткен жылдан бері «Premy Health Care» Ұлттық қауымдастығымен бірге алғашқы медициналық көмек көрсететін ұйымдарға жаңа технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта мұндай орталықтар №3 және №6 қалалық емханаларда және Жалағаш аудандық ауруханасында ашылмақ. Бұл халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін арттырады. Сонымен қатар «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығының қолдауымен емхананың 107 қызметкері оның ішінде, 68 дәрігер, 39 орта буынды қызметкер біліктіліктерін арттырған болатын. Жалпы, бұл жоба денсаулық сақтау саласын дамыту және халыққа сапалы медициналық көмек беруде нәтижелі әрі тиімді жоба деп сеніммен айта аламыз.
Маржан СӘДУАҚАСОВА,
штаттан тыс тілші