Қазақстанда мерекелерде қосымша пойыздар пайда болады

Қосымша пойыздар Астанадан Шымкент пен Алматыға, сондай-ақ Ақтөбеден елордаға қатынайды. Министрліктің мәлімдеуінше, осы кезеңдерде сұраныс жоғары болмақ.
Мереке күндері қазақстандықтар арасында басқа да танымал маршруттар бар. Олар елорда мен елдің оңтүстігіндегі, батысы мен шығысындағы ірі қалалар арасында, сондай-ақ Алматы мен солтүстік, батыс және орталық облыстар арасында жұмыс істейді. Ұлттық тасымалдаушы бұл пойыздарға бірнеше мың орындық қосымша вагондарды бекітуді жоспарлап отыр.
Фото: ҚТЖ«22 мың жолаушыға арналған қосымша 500 тіркеме болады. Жалпы бұл қазір алдын ала мәлімет екенін айту керек. Қарашаның ортасына қарай қосымша пойыздарды іске қосу туралы шешім қабылданады. Ешқандай баға өзгермейді, көтерілмейді», – деп мәлімдеді көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.