Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Он алты жасар чемпион»: Жаңа телехикая жарық көрді

«Он алты жасар чемпион»: Жаңа телехикая жарық көрді

«Он алты жасар чемпион»: Жаңа телехикая жарық көрдіБүгін балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына - 100 жыл. Жазушының мерейтойына орай «Он алты жасар чемпион» повесінің желісімен телехикая түсірілді, деп жазады Egemen.kz. Қуанышты хабарды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 
4 бөлімнен тұратын телехикаяны «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген. 
«Сериалда бас кейіпкер - табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында бокстан Әлем чемпионы атанған ауыл мектебінің оқушысы Мұрат Батырбаевтың рөлін Нұрлыбек Есен және Әлібек Қосубақ сомдап шықты. Ал жаттықтырушы Николай Трофимовичтің рөлін Сергей Семыкин ойнайды. Режиссері - Нұргелді Садығұлов», деп жазды министр. 
«Он алты жасар чемпион» қаламгердің 1951 жылы жазған туындысы. Шығарма кейіннен бірнеше рет өңделіп, «Чемпион, «Жекпе-жек» атауларымен де жарық көрді.Ал телехикая «Qazaqstan» телеарнасынан 19-20 қазан күндері 15:00-де көрсетіледі.
Фото: Qazaqstan.tv
15 қазан 2024 ж. 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30