Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда әлеуметтік нысандарда жылу 7 қазаннан бастап қосылады

Алматыда әлеуметтік нысандарда жылу 7 қазаннан бастап қосылады

Алматыда 7-11 қазан аралығында нысандарды орталықтандырылған жылытуға кезең-кезеңімен қосу басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ. Әуелі жылу балабақшалар, мектептер және медициналық мекемелер сияқты әлеуметтік нысандарға беріледі. Маусымға дайындық деңгейі 99%.
Негізгі мәліметтер: 
* Алматы әкімінің тапсырмасымен қаланың алты ауданында 20 км жылу желісі жаңартылды. 
* Жүйедегі жүктемені теңестіру үшін 69 сорғы бекеті мен және 24 аккумуляторлық бак дайындалды. 
* Төтенше жағдай кезінде 16 жөндеу бригадасы мен 56 техника жұмылдырылады.
Егер бес күн қатарынан температура +8 градусқа дейін төмендесе, жылыту маусымы 15 қазанда басталады. Былтыр жылу 10 қазанда беріле бастаған. Жылу кезең-кезеңімен беріліп, алдымен әлеуметтік нысандар, кейін басқа ғимараттар қамтылады.
03 қазан 2024 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31