Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліске жаңа депутат келді

Мәжіліске жаңа депутат келді

Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Серік Ерубаев – Мәжілістегі «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі. Бүгін жалпы отырыста ол Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды. 1 қазанда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Серік Ерубаевқа “Ақ жол” демократиялық партиясы Мәжіліс депутатының мандаты мен белгісін тапсырды. Серік Ерубаев - партия төрағасының аймақтармен жұмыс жөніндегі орынбасары, VII-шақырылымдағы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты. Атырау қалалық мәслихатының III-V шақырылымының депутаты, 2003-2012 жылдары қалалық мәслихатының хатшысы. «Atyrau Construction services ltd» ЖШС бас директоры қызметін атқарған.


02 қазан 2024 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31