Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздар күнінде мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма

Ұстаздар күнінде мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма

Ұстаздар күнінде мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма5 қазан - мұғалімдер күні. Мереке қарсаңында мұғалімдерге арналған сыйлық мәселесі жыл сайын қызу талқыланады, деп хабарлайды Egemen.kz. Соңғы жылдары Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық беруге шектеулер күшейтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың мұғалімдерге де қатысы бар. Бірақ мектеп мұғалімдеріне арналған сыйлық мәселесі жыл сайын желіде талқыланады.
«Ұстаздар күні - ұстаздардың өміріміздегі маңызды орнын еске түсіретін ерекше мереке. Бұл біздің білім мен тәрбиемізге жанын қиған жандарға алғыс айту мүмкіндігі. Гүлдер, жылы лебіздер - мұның бәрі де нышан. Ұстаздарымызға деген құрмет пен ризашылықты білдіретін қимылдар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, ұстаз еңбегінің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», деп жауап берді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, заңға сәйкес, егер сыйлық құны 5 АЕК-тен (18 460 теңге) асса онда бұл Қылмыстық кодекстің 247-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Алайда, алдын ала келісілмеген, 5 АЕК-ке дейінгі (18 460 теңге) шағын сыйлықтар үшін ұстаздар Қылмыстық кодекстің бабы бойынша жауапкершілікке тартылмайды.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ұстаздарға гүл сыйлау игі дәстүр екенін атап өткен еді.
«Тәтті-тәпсекке қатысты ойлану керек. Әркімнің қалауы әртүрлі. Бірақ оқушылардан мұғалімнің гүл алуы көңіл-күйді көтеретін үрдіс. Оқушылардың мұғалімдерге құрмет ретінде гүл сыйлауы дәстүрге айналған. Сондықтан оны дұрыс деп есептеймін. Гүл сыйлау − әркімнің өзінің көңілі мен ниетіне байланысты. Бірақ гүл сыйлауды міндеттемеу керек», деді министр.
01 қазан 2024 ж. 68 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031