Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев медицина мекемелерін аралау кезінде облыстық онкология орталығына арнайы барып, емделушілердің хал-жағдайын сұрады.


Орталық ғимараты 2021 жылы салынған. Бос тұрған денсаулық сақтау саласы ғимараттарын тиімді пайдалану мақсатында 185 төсек-орынға арналған бұрынғы модульдік-инфекциялық аурухана былтыр материалдық-техникалық жабдықтарымен бірге облыстық онкология орталығына берілді. Мұнда 350 қызметкер жұмыс істейді.
Аймақ басшысы емделушілерге барлық жағдай жасалу керектігін, орнатылған құрал-жабдықтарды тиімді пайдалануды ескертті.
«Онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы емдеу, ауыр халдегі науқастарға барынша қолдау көрсету – орталық қызметкерлерінің басты міндеті. Осындағы медициналық құрал-жабдықтар халыққа толыққанды қызмет көрсетуі тиіс. Олар сатып алынғандағы басты мақсатына сай пайдаланылуы керек, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
26 қыркүйек 2024 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

№61 (9428).

15 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31