Жаңбыр жауып, үсік жүреді: бүгін ауа райы қандай болады?
Бүгін бірқатар өңірде сынап бағаны минусты көрсетіп, үсік жүреді.
Еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөліктердің жылжуы әсерінен жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста жел екпін алады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман болады деп күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстігінде сынап бағаны -1°С суықты көрсетіп, түнде үсік жүреді.
Гидрометорталық Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау өңірінің шығысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.
Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды өңірінің батысында, шығысында, Ұлытау өңірінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу өңірінің солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.