Үсік жүреді: бүгін ауа райы қандай болады
17 қыркүйек күні түнде Астанада топырақ бетінде 1 градус үсік жүруі мүмкін.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, солтүстікте, оңтүстікте шығыстан жел соғады, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде де жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, батыста, шығыста және облыс орталығында екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 м/с күшейеді. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік болады деп болжанды. Батыста, облыс орталығында, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың солтүстігінде және солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының шығысында, батысында және орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыс орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде орталықта, облыстың шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыс орталығында 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде, солтүстік-шығысында және солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында жел солтүстіктен, түнде облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Түнде шығыста, облыс орталығында 3 градус үсік болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан соғатын жел, түнде облыстың солтүстік-батысында солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 4 градус үсік болуы мүмкін. Батыста, оңтүстікте және облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында шығыстан, күндіз облыстың батысында және оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Аймақтың басым бөлігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 3 градус үсік болады.
Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 м/с. Аймақтың басым бөлігінде төтенше (5-сынып) өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 3 градус үскірік болуы мүмкін. Петропавлда 17 қыркүйек күні түнде және таңертең тұман түседі, 3 градусқа дейінгі үсік жүреді.
Қостанай облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман түеді. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады. Өңірде аса жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 17 қыркүйек күні жоғары өрт қаупі сақталады.
17-18 қыркүйек күндері Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында түнде 3 градус үсік жүруі мүмкін.
Күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстікте солтүстік-шығысқа ауысады, таулы аудандарда екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с. Облыстың солтүстігі мен батысында жоғары өрт қаупі сақталады.