Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫ КӨЗДЕЙТІН БАҒДАРЛАМА

БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫ КӨЗДЕЙТІН БАҒДАРЛАМА

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінің байланысы берік. Олай деуімізге себеп көп. Осыдан 1 жыл бұрын іргелі оқу орындары білім саласын дамыту жөніндегі ынтымақтастық орнатып, келісім жасасқан болатын.
Қос тарап жыл бойы атқарылған жұмыстардың да жемісін көруде. Олардың дені информатика саласына бағытталған. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде биыл өңірде Жасанды интеллект және информатика институты ашылып, алғашқы білім алушылары да қабылданды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті дәл осы жобаның өзегіне үңіліп, жаңашылдыққа бет бұрған жастарға лайықты қолдау көрсетуде. Университетте Сеул ұлттық техникалық университетінің қаржыландыруымен 190 компьютер, 8 сервер, 5 зертхана жабдықталады. Студенттердің орыс және қазақ тілдерінен бөлек, ағылшын, корей тілдерінде білім алуына мол мүмкіндік бар. Биылғы жылы «Информатика», «Киберқауіпсіздік», «Компьютерлік бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу», «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша 100 білім гранты бөлінді. Келесі оқу жылынан бастап Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен «AI architect», «Data management» білім беру бағдарламалары бойынша қос дипломды оқыту жүйесі басталады.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
11 қыркүйек 2024 ж. 85 0