Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысын қабылдадыV Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға арнайы келген Айсен Николаевпен кездесуде өңіраралық ықпалдастықты нығайту және екіжақты байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлер арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамыту Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастардың ажырамас бөлігі саналатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Саха Республикасымен өнеркәсіп, сауда, IT-сектор, ауыл шаруашылығы және кен игеру индустриясы секілді түрлі салаларда ынтымақтастықты күшейтуге айтарлықтай мүмкіндік бар екеніне назар аударды. Айсен Николаев көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтып, Якутия мен Қазақстан арасындағы байланыстарды кеңейтудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ ол басым бағыттарда бірлесе жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізіп, алдағы уақытта екіжақты байланыстардың нығая түсетініне сенім білдірді.
08 қыркүйек 2024 ж. 330 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031