Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұман, өрт, қар: 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тұман, өрт, қар: 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тұман, өрт, қар: 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамыҚазгидромет ертең еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жариялады. 8 қыркүйекте Ұлытау облысының біраз бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының батысында, шығысында өрт қаупі жоғары. Алматы облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыс жел, шығыс екпіні 15-20 м/с деп күтілуде. Қонаев қаласында 8 қыркүйек солтүстік-шығыс, шығыс жел күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Жетісу облысында солтүстік-шығыс жел Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтілуде. Солтүстік жел күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында да өрт қаупі жоғары. Қызылорда қаласында 8 қыркүйек күні түстен кейін найзағай, дауыл күтіледі. Өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында найзағай, өңірдің солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыс жел күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында 15-20 м/с. Облыстың көп бөлігінде төтенше (5-сынып) өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында 8 қыркүйекте төтенше (5-сынып) өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 8 қыркүйекте күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыс күндіз екпіні 15-20 м/с (5-сынып) өрт қаупі сақталады. Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 8 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 8 қыркүйекте өрт қаупі жоғары. Маңғыстау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 8 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың шығысында 2 градус аяз сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыс, батыс күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с Петропавл қаласында 8 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыс, батыс күндіз екпіні 15-20 м/с. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
08 қыркүйек 2024 ж. 132 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031