Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұрынғы уақыт белдеуіне оралу мәселесі қайта қарала ма?

Бұрынғы уақыт белдеуіне оралу мәселесі қайта қарала ма?

Қазақстан осы жылдың 1 наурызынан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Десе де қоғамда бұрынғы уақытты кері қайтару мәселесі қызу талқыланып, петиция да жарияланған еді, деп жазады Egemen.kz.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін көпшіліктің көкейіндегі:«Бұрынғы уақыт белдеуі қайтарыла ма?» деген сауалға жауап берді.

Министрдің айтуынша бұл мәселе 3 жылдан кейін ғана қарастырылады.

«Уақыт белдеуінің адам ағзасына әсері алдағы 3 жылда зерттеледі. Денсаулық сақтау министрлігі қосымша зерттеу жүргізеді», деді Арман Шаққалиев.

Бұған дейін министрлік бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы 50 мың қол жиналған петицияны қабылдаудан бас тартқан болатын.
04 қыркүйек 2024 ж. 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031