Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда уақыт белдеуі қайта өзгере ме?

Қазақстанда уақыт белдеуі қайта өзгере ме?

Биыл еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Өзгеріске қарсы шыққан қазақстандықтар бұрын қолданыста болған уақыт белдеуін қайтару жөніндегі петиция жариялады. Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев петицияға қатысты түсінік берді., деп хабарлады turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Петиция биыл 19 сәуірде басталды. Қазір 1 мыңнан астам адам дауыс берген, біз ескертулерді мұқият бақылаймыз. Регламент бойынша біз алдымен петицияның нәтижесін күтеміз, содан кейін оны қарастырамыз. Әзірге уақыт белдеуінің өзгеруіне қатысты айтуға ерте. Қазір министрліктің ұстанымын айту мүмкін емес. Біз басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп алқалы түрде қабылдаған ресми ұстанымды ұстанамыз», - деді Қайрат Төребаев Мәжілістегі брифингіде.

Оның айтуынша, петицияға дауыс беру нәтижесі белгілі болған соң мәселеге қайта қаралады.

«Биыл желтоқсанда петиция беру мерзімі аяқталғаннан кейін бұл мәселеге қайта ораламыз. Барлық мемлекеттік органдармен қарайтын боламыз. Енді біз желтоқсан айында шешілетін мәселені гипотетикалық түрде талқылайтын боламыз. 50 мың дауысқа жеткен жағдайда, мәселе Үкімет ішінде қайтадан іске қосылады»,- деп толықтырды вице-министр.

Еске сала кетейік, 1 наурыздан бастап Қазақстанда уақыт бір сағат артқа жылжыды.

Фото: pixabay

16 мамыр 2024 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930