Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Паралимпиада ойындары-2024: Бүгін қазақстандықтар екі спорт түрінен сайысқа түседі

Паралимпиада ойындары-2024: Бүгін қазақстандықтар екі спорт түрінен сайысқа түседі

Бүгін, 29 тамызда 2024 жылғы Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар екі сайыс түрінен жарыс жолына шығады. Алдымен 13:20-да паратаэквондодан Милана Кравцева ел намысын қорғайды. Ал 20:00-де волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Франциямен кездеседі. Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды. Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді. Париж Паралимпиадасына волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін алғаш рет қатыспақ. Ал пара үстел теннисінен Қазақстан құрамасы биыл алғаш рет Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды. Еске салсақ, Қазақстан пара спортшылары бұған дейін Паралимпиада ойындарында 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медальды олжалаған болатын. Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді. Айта кетсек, 28 тамызда 2024 жылғы Паралимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды.
 
29 тамыз 2024 ж. 276 0

Қоғам

Арнауға арқау азамат
14 шілде 2026 ж. 74

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (9419)

14 шілде 2026 ж.

№51 (9418)

09 шілде 2026 ж.

№50 (9417).

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031