Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ермек Маржықпаев Олимпиадада лайықты нәтиже көрсетпеген федерацияларды атады

Ермек Маржықпаев Олимпиадада лайықты нәтиже көрсетпеген федерацияларды атады

Ермек Маржықпаев Олимпиадада лайықты нәтиже көрсетпеген федерацияларды атадыБүгін Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Париж Олимпиадасының қорытындысына арналған алқа отырысы өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz. Отырысқа Президент Әкімшілігінің, Үкімет аппаратының, депутаттық корпустың өкілдері, сала ардагерлері, Олимпиада жүлдегерлері, құрметті бапкерлер, өңірлік басқармалардың, федерациялардың, ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары, сонымен бірге БАҚ өкілдері қатысып отыр. Жиында министр Париж Олимпиадасының нәтижесі көңіл көншітпейтінін айтты. Оның ішінде Қазақстан үшін дәстүрлі саналатын спорт түрлерінен көрсеткіш нашар деп бағалады. 
«Мәселен, бокстан ерлер құрамасы Олимпиада алдында кемі 1 алтын, 1 күміс, 1 қола межесін қойған еді. Іс жүзінде толық құрамда барған ер боксшыларымыз 1 ғана күміс медаль еншіледі», деді Ермек Маржықпаев. 
Сондай-ақ Париждегі Олимпиада ойындарына 8 лицензия иеленген жеңіл атлетика командасы да лайықты нәтиже көрсетпегенін тілге тиек етті. Кемінде 1 күміспен оралуға ниет еткен жеңіл атлетшілердің ең үздік нәтижесі 9-орын болған.  «Міндеттемелерге сәйкес еркін күрес командасы қола медаль алуға уәде берген еді. Алайда спортшылар ширек финалға өте алмай, бірінші айналымнан шығып қалды. Тіпті медаль жеңіп алу жағынан ең сәтсіз деген Токио Олимпиадасында қола медаль болды. Тарихта алғаш рет әйелдер күресінен спортшылар Ойындарға қатысқан жоқ. Бұрын бізде дәстүрлі түрде жақсы позициялар болған», деді министр.
Ермек Маржықпаев өңірлердің Олимпиадалық резервті даярлау жағдайына да тоқталды. Париж Олимпиадасына бірде-бір спортшы жолдама ала алмаған Қостанай, Ұлытау және Маңғыстау облыстарын сынға алды.  «Ұлттық құрамаға 17 өңірдің спортшылары кірді. Алматы (17), Астана (14) және Шымкент (12) өкілдері көп жолдамаға ие болды. Сондай-ақ Қарағанды спорт мектебі жүлдегерлер даярлау қарқынын бәсеңдетіп алды. Олимпиада тарихында бұл өңір Қазақстанға 2 алтын, 1 күміс, 3 қола сыйлаған еді. Бұл жолы үміт артқан қарағандылық спортшылар да медальсыз оралды», деді министр. Ведомство басшысы Павлодар облысындағы спорттық көрсеткіштер де мәз емес екенін атап өтті. Аталған өңір спортшылары Рио - 2016 Олимпиадасына қатысу үшін 7 лицензияға қол жеткізген болса, Токиода өткен төртжылдықтың басты бәсекесіне 4 жолдама алған. Ал Париждегі додаға тек 1 лицензия иеленген. Ермек Маржықпаев жергілікті атқарушы органдар олимпиадалық спорт түрлеріне басымдық беріп, саланы дамыту саясатын қайта қарауы қажет екенін айтты. «Қазірден бастап мүдделі тараптармен бірге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. 6 айдан кейін Харбинде 9-шы Қысқы Азия ойындары өтеді. Милан мен Кортина-дампеццо қалаларында өтетін 25-ші Қысқы Олимпиада ойындарына да аз уақыт қалды. Ұлттық құраманың дайындығын күшейту қажет», деді министр.
28 тамыз 2024 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031