Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына аттанды

Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына аттанды

Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасында Қазақстан ұлттық құрамасын XXXIII жазғы Олимпия ойындарына ресми шығарып салу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.


Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына аттанды


Қазақстан Тәуелсіздік жылдарынан бері осымен сегізінші рет жазғы Олимпиадаға қатыспақ. Іс-шарада Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортшылар және жаттықтырушылар құрамымен әңгімелесіп, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.
«Сіздердің алдарыңызда елімізді Париж Олимпиадасында таныстыру, ел намысын абыроймен қорғау сияқты маңызды әрі өте жауапты міндет тұр. Сіздердің чемпиондық мінездеріңіз, табандылықтарыңыз, жеңіске деген ерік-жігерлеріңіз, осы күнге дейін жиған тәжірибелеріңіз, жаттықтырушылардың, дәрігерлердің, массаж жасаушылардың қажырлы еңбегінің арқасында үлкен нәтижеге жететінімізге сенімдімін», деді Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, төртжылдықтың басты додасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында өтеді. Франция астанасында Қазақстан құрамасы сапынан 80 атлет спорттың 25 түрінен бақ сынайды.
17 шілде 2024 ж. 151 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9234)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (9233)

30 тамыз 2024 ж.

№68 (9232)

27 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30