2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » “Жасыл Қызылорда” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры тағайындалды

“Жасыл Қызылорда” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры тағайындалды

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы М. Әбсұлтановтың 2024 жылғы 26 тамыздағы бұйрығымен Жүсіп Мақсат Өмірбекұлы “Жасыл Қызылорда” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.
Жүсіп Мақсат Өмірбекұлы 1983 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында тасымалдауды ұйымдастыру және басқару мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2003 жылы «PetroLogistics» ЖШС Оңтүстік аймақтың өкілі қызметінен бастаған.2005-2021 жылдар аралығында «НК»-«КТЖ» АҚ-да әртүрлі басшылық қызметтер атқарған.VII, VIII шақырылымдардағы қалалық мәслихат депутаты болып сайланған. 2022 жылдың маусым айынан бастап осы кезге дейін «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары, директоры қызметін атқарып келді.
26 тамыз 2024 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930