Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл алғашқы қоңырау қай күні соғылады

Биыл алғашқы қоңырау қай күні соғылады

Еліміздің барлық мектептерінде білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар 1 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл алғашқы қоңырау қай күні соғыладыМинистрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, мектеп оқушыларына арналған жиын жексенбі, 1 қыркүйекте өтеді.

«Білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтеді», делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2024-2025 жаңа оқу жылында 345 мың бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

«1 қыркүйекте «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты іс-шара өтеді. 2 қыркүйекте – жаңа оқу жылының бірінші күні – «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында Бірыңғай сынып сағатымен басталып, әрі қарай сабақ кестесіне сәйкес жалғасады», деп нақтылады министрлік.

Фото: Ашық дереккөз
23 тамыз 2024 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9402).

13 мамыр 2026 ж.

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031