Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан студенті әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды

Қазақстан студенті әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды

Қазақстан студенті әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болдыАлматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің студенті Әлихан Нұржауов WCOPA2024 орындаушылық өнерден әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz. Голливудта өткен байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен талантты орындаушылар қатысқан. Әлихан «актерлік өнер» және «моделинг» номинациялары бойынша өнер көрсеткен. Нәтижесінде ол үш алтын және үш күміс медаль жеңіп алды. Оған қоса Қазақстан студентіне кәсібилігі мен шеберлігін растайтын арнайы орден табысталған.
Нәтижесінде әлемдік модельдердің үштігіне енген Әлихан енді әйгілі Versace және Gucci брендтерімен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Әлихан Нұржауов Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінде театр және кино актері мамандығы бойынша білім алып жатыр.
21 тамыз 2024 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031