Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрбек Оралбайды жанкүйерлер құрметпен қарсы алды

Нұрбек Оралбайды жанкүйерлер құрметпен қарсы алды

Нұрбек Оралбайды жанкүйерлер құрметпен қарсы алдыБүгін бокстан Париж Олимпиадасының күміс медалін еншілеген Нұрбек Оралбай елге оралды. Жүлдегерді Астана халықаралық әуежайынан туыстары, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері зор құрметпен қарсы алды, деп жазады Egemen.kz. Бокстан ерлер құрамасы сапында 80 келіде күміске қол жеткізген Нұрбек Оралбайды қазақ дәстүріне сай ұлттық дәм ұсынып күтіп алды. 
Ұйымдастырушылар спортшы мен жанкүйерлер байланысу үшін арнайы сахна дайындаған. Нұрбек Оралбай өз кезегінде күмісті алтынға айырбастау үшін Лос-Анджелес - 2028 Олимпиадасына дайындалатынын айтты.  «Құрметті қазақ елі, қолдау білдіріп жатқандарыңызға рақмет. Өкінішке қарай екінші орын болып қалды. Сіздер үшін алтын алып, елімізді қуантып, әнұранымызды шырқатқым келген еді. Осы жолы алтын бұйырмапты, келесі Олимпиадада бар күшімді салып, елге абыроймен оралып баршаны қуантамын деп ойлаймын», деді Нұрбек Оралбай.
12 тамыз 2024 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031