Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Орталық Азия көмір өнді­ру­ден әлемде 10-орында тұр

Орталық Азия көмір өнді­ру­ден әлемде 10-орында тұр

Орталық Азия көмір өнді­ру­ден әлемде 10-орында тұрБұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» атты мақаласында атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

«Көпжақты ықпалдастықтың берік экономикалық негізін қалыптастыру мәселесі біздің елдеріміздің айнымас міндеті болып қала беретіні сөзсіз. Өңірдегі мемлекеттердің бірлескен күш-жігері мен қуатты экономикалық әлеуетінің арқасында Орталық Азия аумағы сауда, инвестиция, ғылым және инновация саласында зор мүм­кін­діктері бар кеңістікке айналып отыр.
Елдеріміздің жалпы аумағы – 3 882 000 шаршы шақырым, хал­қының саны 80 миллионнан асады, ал ішкі жалпы өнімі 450 миллиард долларға жуықтайды. Әлемдегі уран қорының шамамен 20, мұнай­дың 17,2, табиғи газдың 7 пайызы – біз­дің аймақтың еншісінде. Орталық Азия көмір өнді­ру­ден әлемде 10-шы, электр энергиясын өндіруден 19-орында тұр», деп жазды Президент. 

Мемлекет басшысының айтуынша, біздің экономикаларымыз бірін-бірі толықтырып отырады. Бұл жағ­­дай елдеріміздің сыртқы фак­­­тор­ларға лайықты төтеп бе­руін қам­там­а­сыз етіп, сауда-өнді­ріс сала­сында­ғы цикл­дерді әртарап­танды­руға мүмкіндік береді. Бірлескен эко­­но­микалық жобаларды тиімді іске асы­ру осы үдеріске оң ықпал ете алады.
«Экономикаларымызды техноло­гия­лық жағынан дамыту – маңызды міндет. Біз табиғи ресурстарға тәуел­діліктен біртіндеп арылуымыз қажет. Осы ретте медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру және ақпараттық тех­нологиялар саласын қамтитын креативті индустрия мен цифрландыру ісі экономикаға тың серпін беретін күшке айнала алады. Өңір елдерінің осы бағытта бірлескен жобалар әзірлеуге әлеуеті де жетеді», деп жазылған мақалада. 
Сондай-ақ цифрлық және креативті индус­трия­ның жаппай қарқын алуы ши­кізатқа сүйенген экономикадан зият­­керлік сипаттағы өндіріске дәйек­ті түрде көшуге ықпал ете­тін бола­ды.
«Ор­­талық Азияның ық­пал­дас­ты­ғы біз­­дің елдеріміздің ұлт­тық эконо­ми­­ка­лық өсімінің басты себеп­шісі бол­ма­ғанымен, оның негізгі қай­нар көзінің бірі бола алатынына сенім­дімін», деді Қ.Тоқаев. 


08 тамыз 2024 ж. 77 0