Іріктеу қорытындысы: Қазақстанда оқу үшін 550 грант бөлінді

2024 жылы 83 елден 11 293 өтінім келіп түсті, бұл бағдарламаға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
Бөлінген 550 гранттық орынның ішінен:
490 орын — бакалавриат бағдарламасы үшін;
50 орын — магистратура бағдарламасы үшін;
10 орын — докторантура бағдарламасы үшін бөлінді.
Сараптама комиссиясының мүшелерімен әңгімелесу қорытындысы бойынша стипендиаттарды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның қарауына жіберілді:
«Докторантура» бағдарламасы бойынша оқуға 56 үміткер;
«Магистратура» бағдарламасы бойынша оқуға 286 үміткер;
«Бакалавриат» бағдарламасы бойынша 1914 үміткер.
Іріктеу жоғары академиялық көрсеткіштер, барлық қажетті құжаттардың болуы және конкурстың барлық кезеңдерінен сәтті өту негізінде жүргізілді.
Стипендиаттардың негізгі және резервтік тізімдері https://studyin.kz/ сайтында жарияланады.