Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ТАРИХ

ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ТАРИХ

Кеше Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапханада Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдени-шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Жошы Ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына орай «Тамыры терең тарих» атты танымдық кеш болып өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында «Сонымен қатар тарихшыларымыздың пайымдауынша, Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл. Мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынады» деген еді.

Танымдық кеш барысында аудандық өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Бекболат Темірәліұлы Жошы Ұлысының жалпы тарихи жәдігерлермен таныстырып өтті. Сондай-ақ Жошы ханның өмір тарихымен таныстыру үшін №148 орта мектебінің тарих қоғамтану пәнінің мұғалімі Мейрамгүл Байсалбайқызы слайд арқылы баяндама жасады.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Мақпал Түкібаева Жошы ханның билік еткен жылдары бойынша баяндама жасады.

Көрерменге Жошы хан туралы аңыз анимациялық фильм көрсетіліп, Ақсақ құлан аңыз күйін Шиелі ауданы өнер мектебінің домбыра сыныбының ұстазы, күйші Шынболат Жансейітов жоғарғы деңгейде орындады.

Танымдық кеш қорытындысы бойынша көрерменге сұрақтар ұсынылып, дұрыс жауап берген көрермендерге сыйлықтар берілді. Шараға белсене қатысқан мамандар алғыс хатпен марапатталды.

31 шілде 2024 ж. 104 0