Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер аптап ыстықта айран ішудің пайдасы туралы айтты

Дәрігер аптап ыстықта айран ішудің пайдасы туралы айтты

Дәрігер аптап ыстықта айран ішудің пайдасы туралы айттыАйран аптап ыстықта жақсы сергітетін сусын. Бұл туралы эндокринолог Наталья Балашова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pravda.Ru сілтеме жасап. Жазда квастың орнына айран ішкен ағза үшін әлдеқайда пайдалырақ. Маманның айтуынша, осы ашытылған сүтті сусынның құрамындағы тірі айран саңырауқұлақтарының денсаулыққа пайдасы бар. Сонымен қатар, ол ас қорытуға пайдалы микроағзалардың көзі. Жазда тұтынуға құрамы мен майлылығы өзгермейтін өнімді таңдаған дұрыс.

Сондай-ақ, ол егер ұйықтар алдында қарныңыз ашса, айран ішуге болатынын жеткізді. Өйткені ол асқазан-ішек жолдарына ауыртпалық түсірмейді. Айран ағзаға оңай сіңеді, оның құрамында ақуыздар, майлар мен көмірсулар бар. Оған қоса, оның құрамында талшық жоқ, сондықтан айран асқазан мен ішектерге ауыр жүктеме түсірмейді.

31 шілде 2024 ж. 169 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031