Қызылорда облысында кене шағып алған адам қайтыс болды
Қызылорда облысында Конго-Қырым қанды безгегінен бір адам көз жұмды. Бұл туралы Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы мәлім етті.
Кенеден шаққан Шиелі ауданының егде жастағы тұрғыны екен.
Кенеден шаққан Шиелі ауданының егде жастағы тұрғыны екен.
- Кене шаққан немесе кене шаққанына күмәнданған жағдайда адамдар көбіне өз бетінше үйде емделем деп уақыт жоғалтып алады. Ол кісі де сөйткен. Дер кезінде дәрігерге жүгінсе, бұлай болмауы мүмкін еді, - деді басқарма басшысы Марат Құрманбаев.Жыл басынан бері облыста Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 14 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 7-інде диагноз расталды.
- Арасында балалар да, ересек адамдар да бар. Олар емделіп, қалыпты жағдайға келді, - деді басқарма басшысы.Облыста індет тасымалдайтын кенелердің ошағы көбейген. Өткен жылы мұндай елді мекендер саны 106 болса, биыл 115-ке жетті.