109: Күшейтілген тәртіппен қызмет көрсетеді
109 Бірыңғай байланыс орталығы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты сұрақтарға жауап беріп, тұрғындарға тәулік бойы қызмет көрсетеді. Орталыққа келіп түскен барлық өтініш зерделеніп, әрі қарай мәселені белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге жолданады. Бұл жөнінде облыс әкімі аппараты жедел әрекет ету орталығының директоры Руслан Бүркітбаев айтты.
– Байланыс орталығының жұмысына барлығы 28 адам тартылған. Биыл 498 өтінім келіп түсті. Былтыр облыста «Smart City» жобасы аясында «iorda.kz» порталы іске қосылған болатын. Портал көмегімен 1398 өтінім тіркелді. Алдағы уақытта қала тұрғындары «iorda.kz» порталы арқылы электр жарығы, сумен, жылумен жабдықтау жене қоқыс шығару бойынша шарттарды проактивті қызметтің көмегімен жасай алады, – деді ол.
Бірыңғай байланыс орталығы заманауи технологиялармен жабдықталған. Бұл сұраныстардың басымдығын анықтауға және оларды тиісті мекемелерге бағыттауға көмектеседі. Облыс тұрғындары мен қонақтары барлық мәселелер, шағымдар, ұсыныстар бойынша немесе шұғыл көмек алу үшін орталықтың 109 нөміріне, әлеуметтік желілер, чат-бот немесе мобильді қосымша арқылы хабарласа алады. Байланыс орталығы қызметкерлері 4 ауысым бойынша сапалы қызмет көрсетуге дайын. Туындаған мәселелерді жедел шешіп, азаматтардың өтініштерін тиісті ұйымдарға жібереді. Орталық қызметкерлері облыс тұрғындарының барлық қажеттіліктері мен мәселелерінің назарға алынуын және мүмкіндігінше тезірек шешілуін, әрбір сұраныстың сапалы және жылдам өңделуін қамтамасыз етеді.
– Бірыңғай байланыс орталығы өтінім жіберудің ыңғайлы жолдарын ұсынады. WhatsApp +7(771)7000109 нөміріне хабарлама жіберіп, өтінім арқылы жауап алуға болады. Сондай-ақ, Telegram-да @kyzylorda109_user_bot чат-бот бар, ол өтінішті тез және оңай жіберуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мобильді қосымша арқылы KOMEK 109 қосымшасын AppStore немесе Playmarket арқылы жүктеп алып, жүйеге кіріп, мекен-жайды, мәселенің сипаттамасын және фотосуретті көрсете отырып, өтініш формасын толтыру мүмкіндігі бар. Біздің мақсатымыз – кез келген туындаған мәселені тез және тиімді шешу үшін облыстың әрбір тұрғынына ең қарапайым және тиімді байланысты қамтамасыз ету, – деді Р.Бүркітбаев.
Бірыңғай байланыс орталығы жоғарыда аталғандардан бөлек, «Қауіпсіз аула» жобасы аясында бірқатар жұмыс атқаруда. Қала тазалығын сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу, дер кезінде анықтау мақсатында демеушілік есебінен 10 көпқабатты тұрғын үй ауласына 50 бейнебақылау камерасы қойылуда. Бір аулаға 7 бейнебақылау камерасы орналастырылып, қоқыс жәшіктерінің толып кетуі, уақытылы тазалануы немесе құрылыс қалдықтарын тастап кету жағдайлары «109 Бірыңғай байланыс орталығына» және құқықбұзушылық анықталған жағдайда «102» желісіне хабарланады.
– Қала тазалығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «Қауіпсіз аула» жобасы демеушілер қолдауының арқасында белсенді қызмет көрсетіп келеді. Осы бастама аясында 10 көпқабатты тұрғын үй кешеніне бейнекамералар орнатылды. Бұл – қоғамдық тәртіпті бақылау ғана емес, қауіпсіздік шараларын айтарлықтай күшейту. Әр аулада қоқыс жәшіктерін шамадан тыс толтыру және құрылыс қалдықтарын заңсыз тастау сияқты түрлі жағдайларды жан-жақты қамтып, бақылайтын камералар бар. Заңбұзушылықтар анықталса, тұрғындар «109 бірыңғай байланыс орталығына» немесе 102 нөміріне хабарлай алады. Бұл тәртіпті сақтауға көмектесіп қана қоймай, азаматтардың өз аймағының тазалығына деген жауапкершілігін оятады. Сонымен қатар тұрғындардың жалпы әл-ауқаты мен жағдайына оң әсер етіп, қоршаған ортаны таза ұстауға мүмкіндік береді, – деді орталық директоры.
«Қауіпсіз аула» жобасы қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға септігін тигізеді. Қоқысты уақытылы анықтап, оның жиналуын болдырмайды. Сондай-ақ тазалық пен тәртіпті сақтауға көмектеседі. Бейнебақылау камерасы арқылы қылмыстың алдын алу жұмыстары оңтайланады. Ол құқықбұзушылықтарды тіркеуге ғана емес, тәртіп бұзудың алдын алуға бағытталған. Тұтастай алғанда, «Қауіпсіз аула» жобасы азаматтардың бірлескен күш-жігерінің арқасында қоғамды айтарлықтай жақсартуға ықпал етеді.

Аружан ЕРАЛЫ,
«Сыр бойы»