ҰБТ-2024: Нәтижелер қандай
Елімізде мектеп түлектері үшін маңызды науқан – Ұлттық бірыңғай тестілеу өз мәресіне жетті. Ертеңнен бастап қыз-жігіттер білім грантын иелену үшін ЖОО-ға құжаттар тапсыра бастайды.
Фото: ortcom.kz
Айта кету керек, кейінгі жылдары түлектерге ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Сәйкесінше, ең үздік нәтижемен білім грантын иеленуге үміткер бола алады.
ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенованың мәліметінше, биыл түлектер 326 мың рет ҰБТ тапсырған. Бұл – өткен жылдармен салыстырғанда 20 мыңға артық.
Белгілі болғандай, биыл 79 мыңға жуық білім гранты үлестірілмек. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, гранттардың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінген.
Гүлзат Көбенова көптеген түлекті, қала берді ата-аналарды алаңдатып отырған сұраққа жауап берді.
ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенованың мәліметінше, биыл түлектер 326 мың рет ҰБТ тапсырған. Бұл – өткен жылдармен салыстырғанда 20 мыңға артық.
«139 мың түлек шекті бал жинады. Біреуі ең жоғары 140 балды жинаса, екі бала 139 балды иеленді. Айта кету керек, үшеуі де – ауыл мектептерінің түлектері. Бір ұпай жинаған түлек те бар», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.
Гүлзат Көбенова көптеген түлекті, қала берді ата-аналарды алаңдатып отырған сұраққа жауап берді.
«Түлектер бір қалада жүріп-ақ еліміздің өзге қаласындағы ЖОО құжат тапсыра алады. Мысалы, Ақтау қаласындағы түлек сол жердегі ЖОО арқылы немес онлайн форматта Алматы қаласындағы жоғары оқу орнына құжаттарын өткізе алады», – деді спикер.